KZ | RU | ENG

«Ауыл» партиясының Төрағасы Әли Бектаев Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесті

«Ауыл» партиясының Төрағасы Әли Бектаев Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесті
13.01.2018

«Ауыл» ХДПП Төрағасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында Түлкібас ауданында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.   


         Басқосу барысында партия Төрағасы 10-қаңтардағы Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты халыққа Жолдауында көрсетілген 10 негізгі бағытқа кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Республика деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Партия төрағасының айтуынша, рухани жаңғырудың ұлттық кодымызға, болмысымыз бен санамыздың дамуына маңызы өте зор.          


         Кездесу кезінде Әли Әбдікәрімұлына аудан депутаттары мен тұрғындар тарапынан сауалдар қойылып, тиісті деңгейде жауап берілді.

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі