KZ | RU | ENG

«Ауыл» ХДПП Төрағасы Али Бектаев Сайрам ауданында болды

«Ауыл» ХДПП Төрағасы Али Бектаев Сайрам ауданында болды
14.01.2018

«Ауыл» ХДПП Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев жұмыс сапарымен Сайрам ауданына барды.

         Алдымен, Әли Әбдікәрімұлы Ақсукент елді мекенінің іргесіндегі "Баракат" жылыжай кешенінің жұмысымен танысып, шаруалармен жүздесті. Айта кету керек, аталған жылыжайда түрік технологиясы бойынша қияр, қызанақ өсіріледі. Өнім негізінен Шымкентке жөнелтілсе, арасында Ресейге де жіберіледі. 2 гектардан астам аумақта орналасқан жылыжай суық күндері көмірмен жылытылады. Озық технологиялар орнатылған жылыжайдың жұмысына көңілі толған Сенатор осындай кешендерді көптеп салу қажеттігін айтты. 


         Сапар соңында Әли Бектаев аудандық әкімдіктің мәжіліс залында кеңейтілген жиын өткізіп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Жолдауындағы мәселелерді кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының негізгі бағыттарын сөз етіп, ол бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі