KZ | RU | ENG

Жолдаудағы 10 бағыт – ел дамуының тетігі

Жолдаудағы 10 бағыт – ел дамуының тетігі
29.01.2018

«Ауыл» ХДПП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМККІНДІКТЕРІ» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

         Басқосуға «Ауыл» ХДПП ОҚО филиалының саяси кеңес мүшелері, аудандық, қалалық филиал төрағалары қатысты. Партия филиалы төрағасының орынбасары Қанжігіт Сыздықұлы Елбасының Жолдауда атап көрсеткен 10 басты бағыттарына тоқталып, Жолдаудың орындалуына партия өкілдері өз үлестерін қосу қажеттігін жеткізді. Әуесбек Тұрдалиев маңызды құжаттың үшінші бағытына ерекше тоқталып, агроөнеркәсіп кешенді дамытуда оңтүстік өңірдің әлеуеті зор екендігін атап өтті.

         Жиын барысында баяндамалар оқылды. Қатысушылар Жолдаудың басым бағыттары бойынша ойларын ортаға салып пікір алмасты.