KZ | RU | ENG

Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты

Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты
30.01.2018

«Ауыл» ХДПП ОҚО филиалының ұйымдастыруымен Елбасының халыққа Жолдауының тоғызыншы бағыты бойынша «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағаты өтті. Шараға «Ауыл» партиясының белсенділері, жастар қатысты.

         Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада Елбасы қойған міндеттерді жүзеге асыру мәселесі жөнінде айтылды. «Ауыл» партиясының өкілдері жемқорлықтың алдын алу, заң алдындағы жауаптылық тақырыптарында  баяндамалар оқыды. Сондай-ақ, жастарға сыбайлас жемқорлықтың ел дамуына тигізетін кері әсері жайлы ақпарат берілді.

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі