KZ | RU | ENG

Алматыда Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

Алматыда Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтті
01.02.2018

Алматыда «Ауыл» ХДПП қалалық филиалының басшысы Абдулла Сапаровтың төрағалығымен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Мәжіліске «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Төлеген Сыдықов, аудандық партия ұйымдарының төрағалары қатысты.

Күн тәртібінде партияның Алматы қалалық филиалының 2017 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды. Өткен жылы өткізілген шаралар жөнінде филиал басшысы Абдулла Сапаров баяндама оқыды.  

Мәжіліс барысында партия филиалының алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралары талқыланып, 2018 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленді.

«Ауыл» партиясының Алматы қалалық филиалының жетекшілік құрамы мен партия белсенділеріне, аудандық партия ұйымдарының жұмысын жандандырып, халықпен байланыс орнату, партияға жаңа мүшелер тарту және жастар қанатының жұмысын жолға қою жөнінде бірқатар міндеттер жүктелді.

Партия Төрағасының орынбасары Төлеген Сыдықов филиал жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Сондай-ақ ол, филиал жанынан ғалымдар мен белсенділерден құралған сарапшылар ұйымын құруды тапсырды. Аталған ұйымның жұмысы партия идеяларын насихаттауға, қоғамдық-саяси мәселелер бойынша партияның саяси позициясын көрсетуге және партияға жаңа мүшелер тарту бағытталмақ.

«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі