KZ | RU | ENG

«Алтын тұғыр» үштомдық жинағы тарту етілді

 «Алтын тұғыр» үштомдық жинағы тарту етілді
14.02.2018

ШҚО балалар-жасөспірімдер кітапханасына «Алтын тұғыр» үштомдық жинағы тарту етілді. «Ауыл» партиясының ШҚО филиалы мұрындық болған шараға, партия филиалы төрағасының орынбасары Камал Арынханов, Өскемен қалалық филиалының төрағасы Николай Козлов, облыстық саяси кеңес Президиумының мүшелері, облыстық «Агро» ассоциациясының президенті Жомарт Манақов, кітапхана қызметкерлері және А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің оқушылары қатысты.

      «Алтын тұғыр» үштомдық жинағы кітапхана қорының жетекшісі Құралай Камалиеваға табысталды.

        Айта кету керек, аталған кітапхана 1959 жылы ашылған. Балалар-жасөспірімдер кітапханасы болып 2003 жылы бекітілді. Мекемеде 130175 дана кітап, брошюралар мен кино, фото құжаттар бар. Оқырмандарының саны 15182 адамды құрайды. 2001 жылы кітапханаға электронды каталог енгізілген.

 

         Кітапхана облыстағы мектептермен, лицейлермен, гимназиялармен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Оқырмандар үшін жыл сайын тақырыптық көрмелер, дәрістер, сондай-ақ, түрлі байқаулар өткізіледі.

        Шара барысында, кітапхана қызметкерлері «Ауыл» партиясының өкілдеріне алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, партияның ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі «Ауылым – алтын тұғырым» байқауына қатысушы жергілікті жас қаламгерлер және партия белсенділері кітапхана ұйымдастырған шаралардың тұрақты қонағы болатындығына сенім білдірді. 

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі