KZ | RU | ENG

Сараптамалық кеңес отырысы өтті

Сараптамалық кеңес отырысы өтті
14.03.2018

Алматыда «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Төлеген Сыдықовтың жетекшілігімен сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиынға аграрлық, заң, философия және экономика саласының белгілі ғалымдары қатысты.

Сараптамалық кеңес отырысында мынадай мәселелер қаралды:

  1. Сараптамалық кеңестің мақсаты мен міндетін анықтау;
  2. Кеңес жұмысының әр бағыты бойынша топ құрамын белгілеу;
  3. Сараптамалық кеңестің жұмыс жүйесін анықтап алу;
  4. Баспасөз беттеріне және әлеуметтік желілер  мен партия сайтына мақалалар мен арнайы материалдар дайындау;
  5. Сараптамалық кеңестің жетекшісін сайлау;

Сараптамалық кеңестің мақсаты мен міндетін анықтау мәселесі бойынша «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Төлеген Сыдықов пікірін білдірді. Оның айтуынша, аталмыш кеңес - партияның бағдарламалық құжаттарын талқылап, бекітуге, партияның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ұстанымдарын дамытуға арналған пікір алмасу алаңына айналуы тиіс. Басты мақсат – партияның саяси және кәсіби қызметінің деңгейін көтеру. Бастапқыда, стратегиялық басымдықтарды ғана емес, сонымен қатар, партияның күн тәртібіндегі мәселелерін тәжірибемен ұштастыру маңызды. Сараптамалық кеңес, партия жұмысына тың серпін берері сөзсіз. Сол арқылы біз басқа елдердегі партиялардың тәжірибесіне сүйене отырып, «Ауыл» партиясының қызметін жетілдіре аламыз және оның барлық бағыттарын дамыту бойынша сараптамалық материалдарды дер кезінде алуға мүмкіндік туады. 

«Ауыл» ХДПП сараптамалық кеңесі отырысының қорытындысында мынадай шешім қабылданды: 

  1. Сараптамалық кеңес мүшелерінің тізімін бекіту;
  2. Сараптамалық кеңестің мақсаты мен міндетін бекіту;

Мақсат – партияның маңызды шешім қабылдаудағы саяси және кәсіби қызметінің деңгейін көтеру.

  • – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша партияның ұстанымын әзірлеу.

         Жиын барысында сараптамалық кеңес жұмысының әр бағыты төмендегідей топтарға бөлінді.

  1. Әлеуметтік-экономикалық;
  2. Ауыл шаруашылығы мен АӨК-нің салалық мәселелері;
  3. Заң және құқықтық;

Сондай-ақ, кеңес жұмысының жүйесі әртараптандыру мәселесі ортаға салынып, бекітілген жоспар бойынша сараптамалық кеңес отырысын ай сайын өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Отырыс кезінде сараптамалық кеңестің бірқатар ұйымдастырушылық мәселелері шешімін тапты. «Ауыл» ХДПП сараптамалық кеңесінің жетекшісі болып ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, академик Абдулла Сапаров сайланды. Сонымен қатар, кеңес отырысының наурыз, сәуір айларына арналған тақырыптары бекітілді. 

Наурыз – агроөнеркәсіптік кешен ғылымы және оның даму жолдары. Баяндамашы  ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, академик Абдулла Сапаров.

Сәуір – ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және аграрлық секторда еңбек өнімділігін арттыру. Баяндамашы экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик  Алтынбек Молдашев.

«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі