KZ | RU | ENG

«Асқаровтың аққайыңдары» қойылымы көрерменге жол тартты.

«Асқаровтың аққайыңдары» қойылымы көрерменге жол тартты.
19.03.2018

«Ауыл» ХДПП ОҚО филиалының төрағасы Қ.Досалиев және өзге де  партия мүшелері мен жастар қанатының өкілдері танымал жазушы, журналист, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұттың «Асқаровтың аққайыңдары» атты драмалық спектаклін тамашалады.

        Қойылымда белгілі мемлекеттік қайраткер, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың өнегелі өмір жолы баяндалады.

         Айта кетейік, Асанбай Асқаров тарихымызда өшпестей із қалдырған бірегей тұлға. Ол еліміздің Оңтүстік өңірінің дамып, гүлденуіне сүбелі үлес қосқан қайраткер ретінде танымал.

       Партия филиалының төрағасы Қанатбек Досалиев драманың авторы Мархабат Байғұтқа және Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры ұжымына шығырмашылық табыс тілеп, сый-құрмет көрсетті.   Сондай-ақ, Жастар қанатының белсенді мүшелері қойылымға ризашылықтарын білдіріп, естелікке суретке түсті.

"Ауыл" ХДПП Баспасөз хатшысы