KZ | RU | ENG

Қызылордалықтар экологиялық акцияны қолдады

Қызылордалықтар экологиялық акцияны қолдады
21.03.2018

«Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының белсенділері «Күріш шаруашылығы ҚазҒЗИ» ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп «Өз талыңды отырғыз!» республикалық экологиялық акциясын өткізді.

Наурыз айының 20-ы күні өткен игі шарада «Күріш шаруашылығы ҚазҒЗИ» маңы мен Қарауылтөбе ауылының аумағына 270 терек, 180 үйеңкі және 150 пирамидалық терек, жалпы жиыны 600-ге жуық көшет отырғызылды. Олардың күтімі институт ғалымдары мен қызметкерлеріне тапсырылды.

Іс-шара барасында аталған аумақтарды қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Акция соңында Наурыз мейрамына арналған мерекелік дастархан жайылып, қатысушылар шат-шадыман көңілмен тарқасты.

«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі