KZ | RU | ENG

Қостанайда бес әлеуметтік бастаманы талқыланды

Қостанайда бес әлеуметтік бастаманы талқыланды
03.04.2018

«Ауыл» ХДПП Қостанай облыстық филиалының үгіт-насихат тобы желілік кестеге сәйкес, Елбасының бес әлеуметтік бастамасын талқылауға арналған жиын өткізді. Костанай инженерлік-экономикалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен суденттерінің қатысуымен өткен басқосуда бастаманың негізгі тетіктері жайлы айтылды.

Басқосуға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен», Халық банкінен және «Қоғамдық келісім» МКМ-нен спикерлер шақырылды.

Олардың айтуынша, Елбасының бес бастамасының әрқайсысы жастарға тікелей қатысты. Бұл ел халқына беріліп отырған үлкен мүмкіндік.  Сондықтан, игі бастаманың тиімі тетіктерін әрбір жасқа түсіндіріп, оны іске асыруға жұмылдыру аса маңызды, - деді шараға қатысушылар.

"Ауыл" ХДПП Баспасөз қызметі