KZ | RU | ENG

Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!
12.04.2018

          12 сәуір - елімізде ғылым қызметкерлерінің күні.   

         «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды.

         Ғылым саласы бүгінде еліміздің инновациялық дамуының негізіне айналып келеді. Технология ерекше қарқынмен дамып жатқан қазіргі индустриализация дәуірі ел ғылымына тың өзгерістер, жаңаша міндеттер жүктеп отыр. Осы тұрғыда ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, жаңа технологияларды игеру ел дамуының басты бағыты болмақ. Мұндай ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруда ғылым қызметкерлерінің рөлі орасан зор.  

         Құрметті ғылым қызметкерлері. Сіздердің білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз, берік азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекетіміздің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға зор ықпал ететіні сөзсіз. Баршаларыңызға шығармашылық табыс, әр бастамаларыңызға сәттілік, ғылымдағы қалтқысыз қызметкетеріңізге жеміс тілейміз!

                 Құрметпен, «Ауыл» ХДПП саяси Кеңесінің Президиум